Олимпиада жүлдегеріне қастандық жасаған қарақшы ұсталды

0

Олимпиада жүлдегері жамбылдық полицейлерге тамаша қызметі үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Қазақстандық еркін күрес балуаны, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері және чемпионы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысының полицияларына жылқы ұрлығына байланысты қылмысты жедел түрде ашып бергендері үшін видео түсіріп, алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжүрек Таңатаров полицияға Т.Рысқұлов ауданының жайылымынан белгісіз біреулердің 26 жылқысын ұрлағаны туралы арыз түсірген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы, 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Т.Рысқұлов ауданының полицейлері бұрын мал ұрлығы үшін екі рет сотталған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Жылқылар иесіне қайтарылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.