Айтыскер ақын, қоғам белсендісі Ринат Заитов өзінің Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасына сұхбат берді. Ол сұхбат барысында өзінің өткен жылы болған президент сайлауында не себепті Әміржан Қосановты қолдағанын, 10 қаңтарда өтетін парламент сайлауында қандай позиция ұстанатынын айтты.
Заитовтың айтуынша, өзін ЖСДП және Адал партиясы мүше болуға шақырған. Бірақ қос саяси ұйым да өз талабына сай келмегендіктен, мүшесі болуға келіспеген.