Суицид жасап қайтыс болған ішкі істер министрлігі академиясының 19 жастағы курсанты Саламат Өтегенов қайғылы оқиғаға дейін ата-анасынан ірі көлемдегі ақша жіберуді сұраған. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы хабарлады.
Жігіттің анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, бірінші сессия тапсыру үшін ұлы 80 мың сұраған. Ақшасыз тапсыру мүмкін болмаған.
Ата-анасы курсант екінші курсқа барғанда жылдам берілетін кредит рәсімдегенін білген. Олар қарызды өтеп, не үшін алғанын білмек болған. Ол ата-анасына жүк түсірмеу үшін займ алғанын жеткізген.
Саламат қайғылы оқиғаға дейін әдеттегіден әлдеқайда қомақты ақша сұрай бастаған. Ата-анасы 3,5 ай ішінде 630 мың теңге жіберді.
Соңғы тәулікте ағасына: «Егер дәл қазір ақша жібермесең, қолымнан немесе аяғымнан айырыламын» деп жазған.
Өмірінің соңғы күнінде ол сағат 11-де ағасына «17.00-ге дейін 300 мың теңге жіберші» деп жазған. Ауылда интернет нашар болғандықтан, ағасы хабарламаны тек кешке оқыды. Саламат 16.31-де соңғы смс-те: «Мен кеттім» деп жазған.
Саламат Өтегеновтың денесі 13 желтоқсанда асхананың қосалқы бөлмесінде табылды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оны құтқара алмады. Ұлының өлімі ата-анасына сол күні хабарланды. 16 желтоқсанда марқұм Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Шабдаржап ауылында жерленді.
Академия ақпаратына сәйкес, оқиғаға қатысты Алматы бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша («Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу») тергеліп жатыр.