Өзбекстанның Наманган облысында 16 жастағы бойжеткен өзін алып қашып кетпек болғандардан сытыламын деп көлік жүріп бара жатқанда секіріп, мерт болды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Олардың жазуынша, дәрігерлер қыздың ауруханада ауыр жарақаттан көз жұмғанын хабарлаған
«Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда Нарын ауданында болған. 18 және 23 жастағы екі жігіт құрбыларымен бірге пәтер жалдап, оқуға түсуге дайындалып жүрген қызды үйінен ұрлап әкеткен. Полиция қызметкерлері бұл ақпараттан хабарсыз екенін айтқан. Қаза болған қыз Үшқорған ауданының тумасы екені айтылады. Оқиғаға байланысты «Адам ұрлау» және «Қауіп-қатерге тігу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған» деп жазды Азаттық радиосы.