Алматыда түнгі клубтың кіре берісінде ер адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Департамент таратқан хабарламаға қарғанда, оқиға 25 желтоқсаннан 26 желтоқсанға қараған түні Алмалы ауданындағы түнгі клубтардың бірінде болған.
«Достар арасында туындаған қақтығыс саладарынан 1991 және 1992 жылдары туған екі ер азамат пышақталды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Сонымен қатар полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын да хабарлады.
«1985 жылы туған күдікті ізін суытпай ұсталды. Үш ер адам бірге ішімдік ішкен. Ішімдік ішу негізінде туындаған ерегес жанжалға айналды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүзеге асырады» деп хабарладық қалалық полция департаменті.