«Nur Otan» кандидаты 102-ге келген әжейдің батасын алды

0

«Nur Otan» кандидаты Мұратхан Естаев таяуда Мойынқұм ауданының Биназар және Айдарлы ауылдарының жұртшылығымен кездесті. «Есіктен есікке», «Кандидат қонақ», акциялары Канвансинг, экспромт кездесулер нәтижесінде көптеген үйлерді аралап, білім саласының мамандарымен жүздесіп, Аула клубтарында жергілікті тұрғындарды сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылында 102-ге келген әжей тұрады. Айдарлы ауылында ғасырдан да ұзақ өмір сүрген апамыз менің ата-анамды танып, солардың баласы емессің бе деп сұрағанда, өзім абдырап қалдым. Сүйегі асыл деген осы шығар. Өткен ғасырдың барлық қызығы мен шыжығын көрген кісі ретінде, өмірі оңай болды деуге ауыз бармайды. Балалары, немере мен шөберелеріның ортасында мәз-мәйрам боп жүр. Мен ол кісіні 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырдым, әулетін жинап келуін сұрадым. Әжеміздің батасын алдым», – дейді кандидат Мұратхан Естаев.

Кандидат «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, Мойынқұм ауданының дамуының 7 басым бағыттан тұратынын айта кетті. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін жағдай жасау екенін де ескертті.

«Карантин талаптарын сақтай отырып, «Nur Otan» партиясы атынан Биназар ауылындағы 84 жастағы әжейдің үйінде болып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Сұхбаттасу барысында «Nur otan» партиясы тарапынан зейнеткерлерге көрсетілетін көмектер, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру және дене шынықтыру-спорт құрылғыларын орнату; жастар арасында жұмыссыздықты болдырмау сияқты бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіттік», – дейді кандидат.

Оның айтуынша, өз кезегінде әжей «Nur Otan» партиясының халқымыздың әл-әуқатын көтеру, экономиканы дамыту бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіргенін жеткізді.

«Мемлекетіміздің әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы елдер санатына енуі мақсатында партия бағдарламасына сәйкес атқарылатын жұмыстар мен алға қойған міндеттер жайында пікірлесу, сұхбаттасулар жалғасын табатын болады. Алдағы маңызды додада еліміздің тұрақтылығы мен экономикалық өрлеуі жолында халық үшін қызмет етіп келе жатқан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деп қорытындылады Естаев.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.