Меркіде білім ордасы пайдалануға берілді

0

Бүгін Меркі ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында бой көтерген білім ордасының ашылу рәсімі өтті.

Андас батыр ауылдық округі, Гранитогор ауылында 120 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Салтанатты сәтте аудан әкімі Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, аудандағы биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биыл Меркі ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда төрт мектеп күрделі жөндеуден өтсе, бір білім ордасы бой көтеріліп, беріліп отыр.
Ауылдың қариялары мен тұрғындары сапалы, заманауи талаптарға сай соғылған мектепке ризалықтарын білдірді.

Жобалық құны 505 млн теңгені құраған нысанды «Темір-Строй Сервис и К» компаниясы 20 мамырдан құрылысын бастап, алты айдан аса уақыт құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Салтанатты ашылу сәтінде ауыл қариясы Кенбаев Үсен сөз сөйлеп, ақ батасын берді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.