Тараз қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы жарияланды

0

Тараз қаласының аумағында одан әрі шектеу шаралары туралы

Қаулы

 « 22 » қаңтар 2021 жыл №375 Тараз қаласы

      Мен, Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алтынбасова Рита Омирхановна, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36 баптары, 1 тармағының, 4 тармақшасы және 38 бабы, 2 тармағының 3 тармақшасы, 102, 104, 107 баптары негізінде,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Ресубликасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулыларына, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №41 қаулысына сәйкес, Тараз қаласы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасынының негізінде  20.01.2021 жылы Тараз қаласы «сары аймаққа» өтті.

 Тараз қаласының тұрғындары арасында COVID-19 алдын алу, таралуын болдырмау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарына:

1.1.ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

 1.2. 65 жастан асқан адамдардың қала бойынша жүруін шектеу;

1.3. 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат ету;

1.4. тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалар ойын алаңдарына 3 адамнан аспайтын топтарда баруға рұқсат етілсін;

1.5. қоғамдық үй-жайларда, қоғамдық көлікте, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда бетперде кию талаптарын қатаң сақтау керек.

2. Тараз қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Тараз қаласының кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

2.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен кеңсе қызметкерлерін 60% қашықтықтан жұмыс істеу нысанына көшіру (штаттық кестеде 40-дан астам қызметкер болған жағдайда);

2.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, базарларда, халыққа қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекциялық іс-шараларды күнделікті жүргізу;

2.3. ХҚКО жұмысын (оның ішінде арнайы ХҚКО) арқылы қатаң алдын ала брондау арқылы Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 жұмыс уақытын 09.00дан-18.00-ге дейін шектей отырып ұйымдастыру;

2.4. әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін уақытты шектей отырып, банктердің, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, халыққа қызметкерлерге бір рет қолданылатын қолғаптармен және медициналық немесе мата маскаларымен қызмет көрсету;

2.5. алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының әдеттегі режимдегі қызметіне санитариялық – дезинфекциялық режимді күшейте отырып, ҚР БСМД № 67 талаптарын сақтай отырып, 15 адамнан артық емес топтарда қызмет етуіне рұқсат беру;

2.6. аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ҚР БМСД № 67 талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологияның алдын ала жазылу бойынша (жазу бойынша) қызметіне рұқсат беру;

2.7. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық көліктің отырғызу орындарының саны бойынша толтырылуымен жұмысына рұқсат беру; көлікке отырғызуға тек жеке қорғаныс құралдарын (маскаларды) пайдалану кезінде ғана жол беріледі; қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту; соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу; ҚР  БМСД №67 талаптарын сақтау;

2.8. кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу. 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кездегі кезекші топтардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

2.9. бір мезгілде келушілер саны келушілердің отыратын орын санына сәйкес, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жұмыс режимін 07.00 сағаттан 24.00 сағатқа дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да адамдар көп жиналуы мүмкін іс-шараларды өткізбестен, ҚР  БМСД №67 талаптарын сақтай отырып, 50%-ға дейін толықтыруымен, 50-ден аспайтын отыратын орны бар үй-жайдағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру, жеткізіп беру қызметіне рұқсат етіледі;

2.10. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күндері азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың, сауналардың, СПА орталықтарының, бассейннің жұмысын тоқтата тұру;

2.11. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің, онда орналасқан объектілердің қызметін 30% – дан аспайтын толтыруымен және бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес болған жағдайда (ҚР  БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып), оның ішінде азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларын қоспағанда, жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып, қызметіне рұқсат беру;

2.12. мәдениет объектілерінің (30 адамға дейін қатысатын жеке, топтық дайындықтар), театрлар, кинотеатрлар (толтырылуы 20% – дан аспайтын) әдеттегі режимде жұмысты «InfoKazakhstan» порталында тіркей отырып, маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты және ҚР  БМСД №67 талаптарын сақтай отырып ұйымдастыру;

2.13. 75% – ға, бірақ 15 адамнан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысын ұйымдастыру;

2.14. діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.)  қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей рұқсат беру;

2.15. ойын-сауық ұйымдары (караоке, банкет залдары, бильярд, компьютер клубы, түнгі және ойын клубтары, боулинг орталықтары, жабық тұрғын жайлардағы балалар ойын алаңдары және аттракциондары, батуттар және  басқалар) букмекерлік кеңселер,  «LOTO club» ЖШС лотереялар өткізу қызметіне тыйым салынады.

 3. Күшейтілген карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін кемінде 14 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету жасыл аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді.

4. Тараз қаласы аумағында басқа барлық объектілер бойынша Қазақстан Ресубликасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулыларына, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №41 қаулылары басшылыққа алынсын.

5. Тараз қаласының әкіміне, Тараз қаласының ішкі саясат бөліміне:

5.1. осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, Тараз қаласының тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың сайттары арқылы хабардар етілсін;

5.2. Тараз қаласының тұрғындары арасында COVID-19 таралуына қарсы қабылданып жатқан іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу жүргізілсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы қаулы 24.01.2021 жылы  00 сағат 00 мин. бастап күшіне енеді.

Тараз қалының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Р.О.Алтынбасова

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.