Облыста Жамбыл оқулары байқауы өтеді

0

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақпан айының 1 мен 25 аралығында оқырмандар арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты Жамбыл оқулары байқауын жариялайды.

Байқауға облыстың барлық сатыдағы тұрғындары қатыса алады. Байқаудың қатысушылары өз жұмыстарын #Жамбыл облыстық арнайы кітапхана, #Жамбыл Жабаев 175 жыл хештегімен әлеуметтік желіге (фейсбук, инстаграм) жариялауы тиіс.

Әділқазылар қатысушының шығарманы мәнерлеп оқуына, оқу уақыты бес минуттан аспауына, жатқа білуіне баса назар аударады. Қосымша музыкамен көркемдеуге болады.

Байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар және дипломмен марапатталады.

Байқаудан кеш қалмай, Жамбыл өлеңдерін бірге оқып, ақын шығармашылығын насихаттауға шақырамыз!

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.