Жамбыл оқулары мәресіне жетті

0
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың ұлы есімдері» мақалалары аясында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай облыс тұрғындары арасында ақынның өлеңдерін насихаттап,  шығармашылық жолы мен  өмірін кеңінен таныстыру, оқырмандарды отаншылдыққа, еліне деген сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы нығайтуға насихаттау мақсатында «Жыр алыбы-Жамбыл»  Жамбыл оқулары байқауын өткізді.
Байқауға облыс бойынша 45 жұмыс түсіп,  әлеуметтік желілер арқылы күнделікті Жамбыл облыстық арнайы кітапхана, Жамбыл Жабаев хештегімен  жарияланып тұрды. 
  Байқауға келіп түскен жұмыстардың 19-і зағип және мүмкіндігі шектеулі жандар болса, қалғаны облыс тұрғындары.

Әділқазылар байқау шарттарына сәйкес Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу, мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауын назарда ұстады.
Нәтижесінде:
1 орын екеу – «Болашақ» мектебінің оқушысы Байбосын Айзере, 47 мектеп оқушысы Оралбек Бекболат,
2-ші орын үшеу – Мойынқұм ауданынан Байгөбек Шархат, 10 мектеп оқушысы Сейдазім Әлібек, Талас ауданы Майтөбе ауылынан Дархан Матвай,
3-ші орын үшеу –Жуалы ауданынан Еламан Салауат, Жамбыл медициналық жоғары колледжінің білімгері Қуанышбай Мейірман, Тараз қаласы №5 мектеп оқушысы Әлімхан Әдия;
Ынталандыруға «Болашақ» мектеп интернатының оқушысы Суров Ибрахим, І топ көз мүгедегі Меркі ауданының тұрғыны Нисанова Мария, Байзақ ауданынан Тұрсынбаева Мөлдір, №5 мектеп оқушысы Кеңес Мөлдір ие болып, бағалы сыйлықтар мен дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыға мекеме атынан Алғыс хаттар табысталды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.