Жамбыл облысы аумағында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жалғасуда

0

Азаматтарға құқықтық кеңес беру, бизнесті қолдау және дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Меркі ауданында 3 бағытта іс-шаралар өткізілуде.

«Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» тобының мүшелері Меркі, Сарымолдаев, Ойтал ауылдық округінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы таныстырып, 80-нен астам ауыл тұрғындарын жеке сұрақтармен қабылдап, оларды толғандырған оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, грант алу мәселелерінің шешімін қарастыру бақылауға алынды.

Сонымен қатар, салауатты қоғам қалыптастыру, зияткер жастарды тәрбиелеу мақсатында бірқатар спорт түрлерінен турнирлер өткізілуде.

Мәселен,  №22 спорт мектебінде шахмат, дзюдо, қол күрестен жарыстар өтсе еркін күрес пен бокс мектептерінде шеберлік сабақтары мен минифутболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жалпы Меркі ауданы бойынша 230 спорт нысаны, 3 спорт мектебі, аула клубы мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталықтары аудан халқының 32,2 % құрап,  спортпен белсенді шұғылданушылардың санын 27456 адамға жеткізді.

Ал, ағымдағы жылы аудан орталығында жаңа заманауи дене шынықтыру сауықтыру орталығының ғимараты пайдалануға берілмек.

Халықтың денсаулығын сақтап, аурушаңдықтың алдын алу шаралары да үлкен маңызға ие. Жоба аясында жұмысшы тобындағы білікті мамандар, оның ішінде ортопед, невропатолог, ангиохирург, лор мамандары Меркі аудандық орталық емханада 106 адамды қабылдап, тұрғындарды медициналық тексеруден өткізуде.

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы өткен жылы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен аудандарда жүргізіліп, қоғамда халықтың мәселелерін ауылдық елді мекендерге барып, қарау, түсіндіру мақсатында 1200 жуық іс-шара ұйымдастырылып, 30 мыңға жуық адам тартылса, 2000 азаматтың мәселесін шешуге көмек берілді. 709 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 236 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.  

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.