Жамбылда жыл басынан бері 108,1 миллион теңге жалақы қарыздары өндірілген

0

Жалақы дауы жолға қойылды. Жамбылда жыл басынан бері 108,1 млн. теңге жалақы қарыздары өндірілген. Бұл сомма биылғы жылдың басынан еңбек инспекторларымен анықталған 733 жұмыскерге тиесілі еңбекақы. Жалпы. еңбек даулары мен наразылықтар негіз болатын бірден бір себеп – жалақының уақытылы төленбеуі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев айтты.

«Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстағы еңбек қатынастарының ахуалы тұрақты болып, еңбек шиеленістері тіркелген жоқ. Дегенмен, жекелеген кәсіпорындарда жұмыскерлердің тарапынан жалақыны көтеру мәселесіне қатысты әлеуметтік желілер, ұжымдық арыздар арқылы өз талаптарын білдіру фактілері «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстық фиалының Талас, Қордай, Тараз бөлімшелерінде орын алған. Бұл мәселелерге қатысты жұмыскерлермен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жұмыскерлердің талаптары ішінара қанағаттандырылды», – деді Қайрат Әскербекұлы.

Биылғы жылдан бастап республикалық үшжақты комиссия шешімімен «Еңбек тәуекел картасы» апта сайын мониторингтен өткізіліп, тұрақты бақылауға алынған. Бұл бағытта басқармамен облыстың «Ыстық нүкте» картасы әзірленіп, оған еңбек даулары туындау қаупі бар 45 енгізіліп, тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп отырады.

Биыл аймақта еңбек инспекторларымен жеке және заңды тұлғалардың 300 арыз-шағымы қаралған. Ол бойынша 20 тексерулер ашылып, еңбек заңнамасын бұзудың 16 фактісі анықталған. Ал, жалпы соммасы 889,7 мың теңгені құрайтын 7 айыппұл салынса, орындалуы міндетті 9 нұсқама берілген. Бұдан бөлек, тексерістер ашпай, жұмыс беруші мен жұмыскерді табыстыру шаралары арқылы 14 жұмыскердің мәселесі оң шешімін тапты, – деді спикер.

Инспекция тарапынан әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру, яғни E-HR жүйесіне еңбек шарттарын енгізу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Бүгінде облыста 10 048 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, оның бүгінгі күнге 5651-інде 189 178 жұмыскердің еңбек шарттары электронды форматқа ауыстырылған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.