ОҚУШЫЛАР АТЫСЫ. Таразға 90-шы жылдар қайта оралды ма?

0

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті.

Жасөспірімдердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта Тараз қаласының полиция басқармасының мамандары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

​Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмаған Н.Избасханов Жамбыл облысы, Амангелді ауылының балаларымен сөзге келіспей қалып, телефон арқылы шақырғандығы анықталды. Сосын оларды Шөлдала алқабы, Дорожник массивіндегі каналдың жанында 3 автокөлікпен белгісіз тұлғалар келіп, белгісіз қарумен (бытыра оқтар) атып кеткен.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.