ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДАН 2,7 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛГЕН

0

Жамбыл облысында жыл басынан бері мемлекеттік сатып алулардан 2,7 млрд. теңге үнемделген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бақытжан Жүнісбеков айтты.

Облыс бойынша сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып мемлекеттік сатып алу басқармасы тағайындалған. Егер де сатып алулардың сомасы 40 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, сатып алуды ұйымдастыру облыс бойынша бірыңғай ұйымдастырушыға, ал 4 000 АЕК асатын жағдайда, аудандық бірыңғай ұйымдастырушыларына жүктеледі.

Биыл облыста мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыларымен жалпы сомасы 56,0 млрд. теңгеге 383 лот өткізу жоспарланған. Оның ішінде, мемлекеттік сатып алу басқармасымен 54,6 млрд. теңгеге 248 лот өткізу жоспарланған, қазіргі таңда 33,7 млрд. теңгеге 144 лоттың қорытындылары жарияланып, 30,9 млрд. теңгеге келісім-шарттар жасалыпты. Өткізілген сатып алулар бойынша 78 мердігер анықталған.

«Анықталған мердігерлерді айтатын болсақ, Жамбыл облысында тіркелген 61 мердігермен 28,5 млрд. теңгеге келісім-шарттар жасалған (92,4%). Басқа облыстарда тіркелген 17 мердігермен 2,3 млрд. теңгеге келісім-шарттар жасалған (7,6%). Жыл басынан бері өткізілген мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде барлығы 2,7 млрд. теңге қаржы үнемделді. Аудандық бірыңғай ұйымдастырушыларға келетін болсақ, жылдың басынан жалпы алғанда 1,4 млрд. теңгеге 135 лот бойынша сатып алулар өткізіліп, 1,2 млрд. теңгеге келісім-шарттар жасалды», – деді Б.Жүнісбеков.

Айта кету керек, сатып алулардың өткізу уақыты екі ай мерзіміне дейін созылады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.