1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мойынқұм ауданында «Бақытты бала — бақытты ел» тақырыбында талантты бүлдіршіндер арасында сурет салудан байқау өтті. Аудандық пробация қызметі бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың ұйытқы болуымен өткізілген шараның басты мақсаты — балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау әрі олардың олардың шығармашылық қабілетін шыңдап, дамыту.
Сайыс барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің жүрек қалауымен түрлі бейнелерді қағаз бетіне түсірді. Олардың қылқаламынан туған әр дүниеге қарасаң, көз тоймайды. Себебі, балалар әлемі сондай пәк, шынайы, таза!
Байқауға қатысқан балақайлардың ішінен оза шауып, талантымен тамсандырғандарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Нұрсұлтан Каипов,
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны