Өңірде балық өсірумен қатар өндіру ісін де қатар дамыту қажет. Сонда ғана балық шаруашылығын кешенді түрде жетілдіріп, тиісті нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бұл туралы Жамбыл ауданындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығының базасында өткен басқосуда жан-жақты айтылып, саладағы жұмыстар мен мәселелер сараланды.
Жалпы балық шаруашылығын дамыту мақсатында 2021-2030 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданып, соның аясында бұл шаруаға мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Бағдарлама аясында субсидиялар беру қаралған.Өңірде балық шаруашылығын дамыту үшін біз ең алдымен инкубаторлар орнатып, тәлімбақ шаруашылығын қолға алуымыз керек.
Арнайы ғалымдарды тарта отырып шаруашылықтарға ғылыми жаңалықтарды енгізу қажет. Балыққа қажетті азық қорын жасақтау үшін жем дайындайтын зауыт салу мәселесі де күн тәртібінде.Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында тауарлы балық көлемін 2025 жылы 3000 тоннаға, 2030 жылы 8000 тоннаға жеткізуді жоспарлауда.Жалпы, балық шаруашылығын жүргізуге арналған 142 су айдыны бар. Форель балықтарын өсіруге арналған 17 тау учаскелері анықталған.