Шілденің екінші жексенбісі – балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Осы күні өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында балық шаруашылығына қатысты сайыс ұйымдастырылды.
Жас балықшылармен тәжірибесі мол кәсіпшілер болып, қос командаға бөлінген қатысушылар алдымен арнайы дәріс тыңдады. Дәріс барысында оларға қазіргі таңда экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жөнінде кеңінен мағлұмат берілді.
Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева аталған сайыс барысында сотталған азаматтарға теория¬лық білім берумен қатар, балықты қолына ұстатып, жемін бергізіп, тәжірибе жасалғандығын айтады.
- «Балық берме, қармақ бер!» деген сөз бар. Бұл іс-шара жазасын өтеушілердің бостандыққа шыққан соң өзін дамытып, кәсіпте шыңдалып, бизнестерінің берекелі болуына, жұмысқа орналасып, өмірден өз орындарын табуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы, қазіргі таңда балықты сырттағы тоғаннан іштегі акваөсіру тиімдірек. Дайын бизнес жоспар болса, шаруашылық ашатындай мүмкіндік бар. Тіпті өндірген балықтарды саудалап, өткізу жолға қойылған. Біз бүгінгі іс-шара барысында жазасын өтеушілерге осыны жеткізуге тырыстық,- дейді А.Танашева.
Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты