Сапарбаев Олимпиада жүлдегеріне Camry 70 сыйлады

0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, – деп хабарлайды Vesti.kz  басылымы. 

Өңір басшысы спортшының жетістігін жоғары бағалап, жаңа Toyota Camry көлігін сыйға тартқан. Ал, бапкер Ғалымжан Жылгелдиевке бір миллион теңгенің сертификаты табысталды. 

Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар әуежайда қошеметпен қарсы алған болатын. Сол кезде Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылған еді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.