Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы ұлттық халық санағынан онлайн режимде өтудің маңыздылығын айта отырып, азаматтық белсенділік танытып, санақтан онлайн режимде өтуге және халық арасында насихаттауға ел белсенділерін шақырады.
Бұл бастаманы Республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қолдады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні елімізде халық санағы онлайн режимде арнайы мамандандырылған https://sanaq.gov.kz/ сайтында басталған болатын.
Халыққа санақтан онлайн өтуге мүмкіндік жасау үшін Алматы қаласының ірі сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, білім беру мекемелерінде, базарларда, қоғамдық ұйым мекемелерінде арнайы 100-ден астам арнайы пункттер жұмыс жасайтын болады.