Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының мүмкіндігі шектеулі балалары арасында Аудандық «Көкейімде бар әлем» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты балаларды тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы балалардың өнерін насихаттау, қолдау көрсету болып табылады. Көрмеге балалардың ұстаздарымен бірге жасаған әртүрлі туындылары қойылды. Көрмеге қатысқан барлық балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.