63 жастан асқан ардагер спортшылар​ жүгіруде бақ сынады

0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30​ жылдығына ​ арналған Меркі ауылдық округінің әкімшілігі, аталған округтің ардагерлер кеңесі, Меркі ауданды әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шаралар орталығының» ұйымдастыруымен ​ ардагерлер арасында кіші футбол, жеңіл атлетика спорт түрлерінен аудандық​ жарыс​ өткізді. ​

А.Асқаров атындағы​ орталық стадионда өткен кіші футбол жарысына 45 жастан жоғары ардагерлерден жасақталған ​ 8 команда жарыс жолына шықты. Тартысты өткен жарыс қортындысы бойынша: І-орынды Ойтал ауылдық округінің ардагерлер командасы, ІІ-орын ​ Жаңатоған ауылдық округінің ардагерлер командасы, ІІІ-орынды Андас Батыр ауылдық округінің ардагерлер​ командасы​ женіп алды.

63 жастан асқан ардагер спортшылар​ 400 метр қашықтыққа жүгіруде бақ сынады. Жарыс қортындысы бойынша І-орын Аилшеив Нуржан, ​ ІІ-орын Джамалов Гулаға ІІІ-орын Аметкулов Амангелді женіп алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, диплом, медаль және​ Меркі ауылдық округінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.