Руслан Нұрсипатов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

0

Меркі ауданының әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 10-ға жуық тұрғын келді.

Қабылдауда тұрғындар жол жөндеу, түнгі жарықтандыру, әлеуметтік көмек, баспана және өзгед е мәселелермен қайырылды.

Бірінші кезекте зейнеткер Қабылжан Тоқманбетов ауданда Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың 99 жылдығына байланысты өткізілген іс- шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтып, аудан әкімі Руслан Маратұлына алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы жылы 100 жылдықты жоғары деңгейде өткізу мәселесін көтерді. Аудан басшысы Руслан Маратұлы орталықтағы Асанбай Асқаровтың ескерткіші орналасқан аумақты абаттандырудың жаңа эскизімен таныстырып, жуық арада жұмыстар басталатынын жеткізді.

Қабылжан Тоқманбетов ризашылығын білдіріп, үлкен бастамаларға сәттілік тіледі.

Келесі, қайырылған зейнеткер Қалмахамедұлы Жумабек Жамбыл ауылдық округіндегі Бауыржан Момышұлы көшесін және бұрылысының жолын асфальттау қажеттігін, сонымен қатар аудандық орталық ауруханадағы кешкі кезекшіліктегі дәрігерлерінің жұмысын тиісті деңгейде атқармайтындығын айтып, шағымданды. 

Аудан басшысы Руслан Маратұлы жол мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев пен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің у.м.а. Айбек Мұсабек, Жамбыл ауылдық округ әкімі Ербол Байболсыновқа заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізіп, биылғы жылы жөндеу мүмкіндігін қарап, болмаған жағдайда келесі жылғы жоспарға міндетті түрде енгізуді тапсырса, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиевке ауруханадағы қызмет көрсету сапасының төмендігі бойынша нақты зерделеп, жауапсыздық танытқан қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін көріп, өтініш иесіне жауап беруді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан тұрғыны Айсара Уразметова келіндеріне жұмыс тауып беруін және тұрғын үй құрылысына жер беруді сұрады.
Аудан әкімі Руслан Маратұлы аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Ербол Дүйсебаевқа және аудандық Білім бөлімінің басшысына қосымша білім беру мекемелерінде бос жұмыс орны пайда болған жағдайда ұсынуды тапсырса, Айсара Уразметованың жаңадан оқуын аяқтаған келініне Жастар практикасы бағдарламасына қатысуды ұсынды.

Сонымен қатар, қабылдауға келген басқа да аудан тұрғындары көшені жарықтандыру, әлеуметтік көмек, баспана алуға кезекке тұру мәселелері бойынша келіп, аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов заң талаптарына сай түсіндірме беріп, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына жұмыс жүргізуді ескертіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алып, баяндауды тапсырды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.