Биыл 10 қыркүйек пен 20 қазан аралығында орта білім беру ұйымдары арасында республикалық «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті.
Байқауға қатысуға еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 138 өтінім келіп түскен.
Байқау 10 қыркүйекте бастау алып, 20 қазан күні аяқталды. Қатысушы мектептер байқау талаптарындағы іс шараларды өткізгені үшін балл жинады. Ең жоғары балл жинаған білім беру ұйымына 1 млн теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың, 4-6 орын алғандарға арнайы номинациялар қаралып, 100 мың теңге, 7-9 орын алғандарға демеуші арқылы 50 мың теңге берілді.
Байқаудың мақсаты Қазақстан халқының сабақтастығына мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына тартуға жәрдемдесу.
Байқаудың алдың ала есептеуінің нәтижесі бойынша ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің жеті депутаты, Олимпиада ойындарының жеті қатысушысы, облыстық, қалалық аудандық мәслихаттарының 60 депутаты, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен 46 адам тікелей қатысушы болды. Өтінім берген білім беру ұйымдардан 89 мекеме іс шара өткізсе, оның ішінде 59 мектеп міндеттелген барлық іс шараны өткізді. Байқау аясында 1037 іс шара өткізіліп, 104 475 адам адам қамтылды.
Байқау қорытындысы бойынша:
9 орын. «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі» атты кездесулерді жоғары деңгейде өткізгені үшін Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназия КММ арнайы диплом мен 50 мың теңге;
8 орын. «Жетістіктер тарихы» жастармен кездесулерді жоғары деңгейде өткізгені үшін Шымкент қаласы, №131 мектеп арнайы диплом мен 50 мың теңге;
7 орын. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» қазақ тіліндегі эссе байқауы жоғары деңгейде өткізгені үшін Жамбыл облысы, Шу ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі арнайы диплом мен 50 мың теңге;
6 орын. «Ізденімпаз ұжым» номинациясы бойынша Жамбыл облысы, Ермұхан Бекмаханов мектеп -гимназиясы арнайы диплом мен 100 мың теңге;
5 орын. «Жаңашыл ұжым» номинациясы бойынша Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі КММ арнайы диплом мен 100 мың теңге;
4 орын. «Шығармашыл ұжым» номинациясы бойынша Алматы қаласы, 148 мектеп-гимназия КММ арнайы диплом мен 100 мың теңге;
3 орын. БҚО, Орал қаласы, Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі арнайы диплом мен 300 мың теңге;
2 орын. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» КММ арнайы диплом мен 500 мың теңге;
1 орын. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясы» КММ арнайы диплом мен 1 миллион теңгемен марапатталады.