Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі «Жамбыл ауданының қасиетті орындары» атты экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға аудандық кітапхана қызыметкерлері мен аудан жастар қатысты.
Қасиетті Жамбыл жерінде тарихы тереңнен басталып, аңызы мен ақиқаты ұштасып жататын әулиелі жерлер мен кесенелер, қалашықтар өте көп. Олардың барлығы да көне заманның күмбірінде күй толғап, өңірдің сән-салтанатын келтір тұр. Солардың бірін және бірегейі атақты Айша бибі кесенесі. Айша-бибі кесенесі Бабаджа хатун кесенесімен бірге мемориальды культтік кешенді құрайтын республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарихи және мәдениет ескерткіштер санатында.
Ұлы Жібек жолының бойында ірі саяси экономикалық орталықтардың бірі ретінде белгілі Бектөбе қалашығы VII-XII ғ.ғ Қалашық Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының батыс шетінде орналасқан. Бектөбе қалашығы пішіні төртбұрышты келген, аумағы 400х350 м қамтитын биіктігі 6м төбе түрінде сақталған. Бектөбе қаласы жазба деректерде Жувикат деген атаумен кездеседі. Қанша уақыт өтсе де тіршілік үзілмеген мұндай ескі қоныс тұрақтар мен қаланың орындары жергілікті халықтың байырғы ата қонысы болып саналады.
Қалашық 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.