Меркіде өткен Гала концертке 14 ауылдық округтің өнерпаздары қатысты

0

Меркі аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ауылым – алтын бесігім!» атты ауыл күндерінің қорытынды Гала концерті өтті.

Іс-шараға 14 ауылдық округтің өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Қорытынды концертте ауыл көркемөнерпаздары аудан әкімнің алғыс хаттарымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы номинациялары бойынша дипломдары табысталды.

Сондай-ақ, аудандық орталық кітапханада «Тəуелсіздік жетістіктері» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен, еңбек ардагерлері және аудан жастарымен кездесу өтті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.