Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл мерей тойының қарасанында Оқушылар «Үміт» сарайының ұжымы мен білімгерлерінің қатысуымен «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өтті.
Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов мерекелік шараға арнайы қатысып, құттықтады.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жақсы жетістіктерімізді жақсы жағынан халыққа көрсетейік. Барлығымыз атсалысып, жастарға өнеге көрсетейік. Меркінің атын жақсы жағынан шығаруымыз керек. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау. Кейінгі жастар соны біліп, бағалауы керек. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Сондықтан да осы мәртебесі биік мереке қарсаңында шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,-деп, ұжымның жұмысына ризашылғын білдірді.
Әрмен қарай «Үміт» сарайының өнерпаздары әр түрлі жанрдағы туындылар – классика мен заманауи ән, биден бастап, қазақтың халық музыкасын, қойылымдар да орындалды. «Тәуелсіздік таңы» мюзклын, вокалды-инструменталды ансамбльдің орындаған «Адай» күйін, түрлі ұлт өкілдерінің тәуелсіздікке арнаған мәнерлеп оқуын көрген көрермендер үлкен патриоттық сезімге ие болды. Жас талантар мен педагогтар- фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, түймелі баян және т.б. аспаптарда орындаушылар да өнер көрсетті.
Жиын «Аманат» биі және «Үміт» тобының «Ел басы» әнімен аяқталды.