2021 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан астанасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық «Парыз» – 2021 конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, ҚР Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
2021 жылы конкурсқа қатысуға 440 ұйым өтінім берді, оның ішінде 169-ы ірі кәсіпкерлік субъектісі, 271-і орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациялары бойынша – 230 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша – 73 өтінім, «Үздік ұжымдық шарт» номинациялары бойынша – 65 өтінім, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша – 52 өтінім, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы – 20 өтінім.
Конкурс 4 номинациядан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін», олар бойынша «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері анықталады.
Ағымдағы жылы алғаш рет 2020 жылы құрылған «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығының иегерлеріне марапаттар табысталады.
Байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен айырым белгілері (мүсіншелер) берілді. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл ішінде конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының 2021 жылғы лауреаттары:
«ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ КӘСІПОРЫН» номинациясы
Ірі кәсіпкерлік субъектілері
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, Ақтөбе облысы
«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, Алматы қ.
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
«Бредун» КС, Солтүстік Қазақстан облысы
«Ақбұлақ Агро» ЖШС, Ақмола облысы
«ССС» ЖК, Жамбыл облысы
«ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӘСІПОРЫН» номинациясы
Ірі кәсіпкерлік субъектілері
«ЕвроХим-Удобрения» ЖШС, Жамбыл облысы
«KAP Technology» ЖШС, Қызылорда облысы
«NAK Construction» ЖШС, Нұр-Сұлтан қ.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
«Камаз-Инжиниринг» АҚ, Ақмола облысы
«Л-ТВК» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы
«Целинное-2004» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы
«ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ» номинациясы
Ірі кәсіпкерлік субъектілері
«ПетроҚазахстан Ойл Продактс» ЖШС, Шымкент қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, Шығыс Қазақстан облысы
«ERG Service» ЖШС, Павлодар облысы
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
«Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ, Нұр-Сұлтан қ.
«Молсервис» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы
«Шу-Строй Сервис» ЖШС, Жамбыл облысы
«ЭКОЛОГИЯҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» номинациясы
Ірі кәсіпкерлік субъектілері
«Варваринское» АҚ, Қостанай облысы
«Alina Group» ЖШС, Алматы қ.
«Сичим Қазақстан» ЖШС, Атырау облысы
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
«HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС, Ақмола облысы
«Атамекен 4 плюс» ЖШС, Қостанай облысы
«Kazakhstan Waste Recyclining» ЖШС, Алматы қ.
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ» арнайы сыйлығы
Ірі кәсіпкерлік субъектісі
«Тотал Е энд П Дунга ГмбХ» компаниясының филиалы, Маңғыстау облысы
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
«Аслан» ШҚ , Ақтөбе облысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ГРАН-ПРИ-і»
Ірі кәсіпкерлік субъектісі
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», Батыс Қазақстан облысы
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
«Глобал-Спецодежда ӨБ» ЖШС, Ақтөбе облысы