Мәжіліс депутаттары Меркі ауданында бірнеше жерді аралады

0

Меркі ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Хамедов Абилфас Муслимович, Буларов Ильяс Юсупович және сол аймақтың тумасы Линник Андрей Григорьевич іс-сапармен барды.

Мәжіліс депутаттары жұмыс барысын аудан орталығындағы жаңадан ашылған спорт кешенімен танысудан бастады. Жаңа кешеннің материалдық базасын назарға алып, мүмкіндіктерін байқаған депутаттар Меркі жерінен Олимпиада сынды әлемдік додаларда топ жаратын спортшылардың тәрбиеленетініне сенім білдірді. Осы мақсатта жұмыс жасауды Айваз Османов бастаған жергілікті спорт саласының қызметкерлеріне тапсырып, жас спортшылардың жаттығу барысын тамашалады.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, жүгіруден көптеген жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген жерлесіміз Димитрий Иванчуковқа, футболдан жаттықтырушы Джамшид Тохтамуратовқа, №21 бокс мектебінің жаттықтырушысы Фахруддин Ибишевке Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың Алғыс хаттарын табыстады.

Келесі кезекте Андас батыр ауылында орналасқан Қырғыз елімен шекарадағы кеден бекетінің жұмыстарымен танысты. Жұмысшы топ мүшелері кеден бекетенің жұмысымен, сондай-ақ, шекара қызметіндегі сарбаздардың жағдайымен, олардың материалдық қамтамасыз етілуін және т.б. жайттарды назарға алды.

ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің материалдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, подполковник Жәнібек Жүнісов пен Меркі ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, полковник Ерлан Бекмұратов Мәжіліс депутаттарына «Сыпатай батыр» бекеті мен Аспара ауылдық округіндегі «Қаратал» заставасының жұмыстары жайлы толықтай баяндады. Ерлан Бекмұратов пандемияға байланысты азаматтар кеден бекетінінен ПТР тест тапсырып қана өтетіндерін, сондай-ақ, шекара бекеті кіші болғандықтан, көше бойына жүк көліктерінің көптеп тұруына тұрғындардың наразылық танытып жатқандарын жеткізді.

Сондықтан тұрақ аумағын кеңейту жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Ал, Жәнібек Жүнісовтың айтуынша, материалдық база қажетті құрал-жабдықтармен және сарбаздар азық-түлікпен толықтай қамтылған. Бұған аталған нысандардың базаларын аралап танысқан депутаттардың өздері де куә болды. Дегенмен, «Қаратал» заставасы электр желісі мен су жүйесіне әлі жалғанбапты.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.