Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

0

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойма табылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойманы анықтады. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Фото: ҰҚК

Сонымен қатар, 14 қаңтарда «Қордай» автожол бекетінде Қырғызстан азаматы ұсталды. Көліктің жүк салғышын тінту кезінде ер адамда 50 литрлік мөр, 4 халықаралық төлқұжат, 20 банк картасын тапқан.

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.