Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды, — деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 17:52-де Малдыбай станциясында болған.
«Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады», — делінген хабарламада.
ҚТЖ қаза болған баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.