Аталған топтар Тараз қаласы мен аудандарда кездесулер өткізіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыратын болады. Сарапшылар мен қоғам белсенділері бар арнайы спикерлердің тізімі бекітілген.Облыс әкімі барлық шаралардың сапалы өтуін, топ мүшелері аудан, ауылдарды барынша қамтып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілуі тиіс екендігін тапсырды.
– Ақпараттық-насихаттық топтар Жолдаудағы басым бағыттар мен маңызды бастамаларды халыққа нақты әрі қарапайым, түсінікті тілде жеткізу керек. Ел Президентінің тапсырмалары қалай жүзеге асады, көпшіліктің көкейіндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, суармалы суға қатысты мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айту қажет. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктеріне, өңірдегі игі жобаларға да тоқталған дұрыс.
Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, сайлау жүйесін, партия жұмысын жаңғырту шараларына да көңіл бөлу керек. Біздің облыста 6 партия тіркелген, олардың барлығының өкілдері мәслихаттарда бар.
Бұған дейін бірқатар аудан, ауыл әкімдерінің есептік жиындарына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездестік. Кездесулерде көтерілген мәселелердің шешілуі және өтініштердің орындалуына да назар аударыңыздар,-деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев