Танымал блогер Меркі маңында жол апатынан қаза тапты

0

2022 жылғы 27 наурызда сағат таңғы 7:00-де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Республикалық маңызы бар автожолының 282 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

«Тараздан Алматы қаласына бағыт алған «Хонда Одиссей» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылып түскен. Салдарынан аталған көліктің 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізуші мен басқа екі жолаушы түрлі жарақаттармен Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қажетті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Оқиға орнында қайтыс болған азаматтың қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбек екені белгілі болды. Оның артында бір қыз мен ұлы және үшіншісіне аяғы ауыр келіншегі қалды. 

29 жастағы блогердің әлеуметтік желіде 700 мыңнан аса оқырманы болған.

Бұл ақпаратты оның досы Әділет растады. 

«Бүгін жаназасы болды. Ол небәрі 28 жаста еді. Артында екі баласы қалды. Оның үстіне, үшіншісін күтіп жүрген. Бәрінен де келіншегіне ауыр болды», – дейді ол.

Әділеттің сөзінше, Дәулет Бейсенбек мінген көлік Тараз-Алматы тасжолында апатқа ұшыраған.

«Ол Таразға тапсырыс алып, той түсіру үшін барған еді. Қайтарында таксиге отырған. Ол отырған көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол бетінен ұшып кеткен. Кеше түнде бізге осы суыт хабар жетті. Әлі өз-өзімізге келе алмай отырмыз», – дейді ол.

Әділет Instagram-парақшасында қайтыс болған досын еске алып, видео салды. Онда Дәулеттің Алматыдан Таразға қоныс аударған сәті көрсетілген.

Сонымен қатар, Желіде Дәулет Бейсенбектің өзге де әріптестері оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып жатыр. 

«Әлі де сене алар емеспін. Жаратқан мейіріміне алсын. Жаның бөлек еді. Ағайын, жақын адамдарымызды бағалап жүрейікші», – деп жазады блогер Әлішер Қонысбаев. 

«Өте жақсы жігіт еді. Жүрегім қатты ауырып тұр. Басқа айтар сөзім жоқ. Жолда абай болыңыздаршы, бауырлар. Ұйқыларыңыз келсе, рөлге отырмауларыңызды сұраймын», – деп жазды әнші Серік Ибрагимов. 

Дәулет Бейсенбектің әлеуметтік желіде 750 мыңнан аса оқырманы бар. Мамандығы – фотограф. Ол кейінгі жылдары әлеуметтік видеолар түсіріп жүрген еді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.