Байзақ ауданындағы Красаная звезда ауылына жабайы бұғы кіріп кетті.
Түз жануарының елдімекенге қалай тап болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.
Ауыл арасын еркін кезіп жүрген бұғыны ауыл тұрғындары қолға түсірмек болады. Алайда жануар алдынан шыққан адамның үстінен қарғып, қашып кетеді. Бейнежазбаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, Newscorr қызметіне жолдады. Әзірге бұғы ұсталды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.