АҚШ пен Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды

0

АҚШ пен Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттары Ресейдің технология саласына қарсы жаңа санкциялар салды. Осылайша, елдің Қаржы министрлігі 13 жеке тұлға мен 21 ұйымға санкция салды, оның ішінде Ресейдегі ең ірі микроэлектроника өндірушісі «Микрон» акционерлік қоғамы бар.

Санкцияға ұшырағандар арасында Мәскеудегі «Серния Инжиниринг» және жабдық өндіруші «Серталь» компаниясы бар. Қаржы министрлігі оларды Ресей қорғаныс секторы үшін азаматтық мақсатта қолданылуы мүмкін жабдықтар мен технологияларды заңсыз сатып алды деп айыптады.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тізімге ресейліктер Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ «Аполлон», «РК Бриз», «Зил – М» және «Парсек» компаниялары кіреді. Оларға Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық жобаларына қатысты деген айып тағылып отыр. Енді олардың Жапониядағы барлық активіне тыйым салынады, деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін Жапония ресейліктердің капиталын бұғаттап, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салған болатын. Оның үстіне, ел билігі Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды қарастырып жатыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.