Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, — деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге өсіп, 471,13 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк 1 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы — 466,31 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақыта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 471,85 теңге, сатылым — 475,79 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алады, 474,79 теңгеден сатады.