Оңтүстік Кореяда екі ұшақ соқтығысып, үш адам қаза тапты

0

Оңтүстік Кореяда екі ұшақ соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар24»

Yonhap агенттігінің мәліметінше, апат Сеулден оңтүстікке қарай 300 шақырым жердегі Сачхон қаласында болған. 

Оңтүстік Корея ӘӘК-ке тиесілі екі КТ-1 ұшағының соқтығысуынан үш адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды.

Әуеде соқтығысқан екі ұшақ күріш алқабына құлаған. Оқиға орнында 30-дан астам құтқарушы мен өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Билік оқиғаның себеп-салдарынан тексеруге кірісті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.