Бүгін, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда зейнетақы жинағынан алуға болатын жеткілікті сома өседі. Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибраимова осы мерзімге дейін үлгеріп, зейнетақы жинағындағы қаражатын алуға үлгеремін деген қазақстандықтардың неше теңгеге дейін өтініш бергенін мәлім етті, — деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 161 өтініш 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сома алуға жолданды. Сондай-ақ, ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті», — дейді Ләззат Ибрагимова.
Зейнетақы қорынан алынған «артық» ақша туралы ақпарат қашан шығады?
Отбасы банкі қазақстандықтар жалпы зейнетақы қорынан қандай көлемде «артық» ақша алғанын, осы жобаның тағы қандай ерекшеліктері болғанын бір айдан кейін, яғни, мамыр айының басында зейнетақы қоры толық есеппен жарияламақ.
Әзірге, қазір қолда бар деректерге сүйенсек, Қазақстан бойынша ескі жеткілікті шегі арқылы зейнетақы қорынан 732 мыңға жуық адам қаражат алған.
«Еnpf-otbasy.kz платформасы арқылы 732 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге қаражат алды. Орташа есеппен алғанда, 2021 жылы платформаға ай сайын 100 мыңға дейін өтінім келіп түсті. Ал, 1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасында клиенттерден түскен өтінімдер саны 2022 жылдың ең жоғарғы деңгейі — 870 мыңға жетті», -дейді Ләззат Ибрагимова.
Енді зейнетақы қорынан ақша алуға болмай ма?
Болады, әрине. Тек енді зейнетақы қорынан бір реттік төлем алу үшін 25 жасыңызда зейнетақы қорыңызда кемінде 3,7 млн теңге жату керек. 35 жасыңызда зейнетақы қорынан үй алуға немесе емделу үшін бір реттік төлем алам десеңіз, шотыңызда кемі 5 млн теңге қалу керек. Міне, осылай адамның жасы өскен сайын оның жеткілікті шегі де еселене береді. Айта кетейік, бұл жеткілікті сома 2022 жылдың қаңтарынан бастап өзгеруі керек еді. Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма беріп, қазақстандықтар үшін бірінші сәуірге дейін ескі жеткілікті сома сақталған.