Таразда мейрамханадан шығып, сол күйі үйіне оралмаған ер адамның арықтан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 наурыз күні болған.
«Түнгі сағат 3.30 шамасында Тараз қаласының тұрғыны 102 нөміріне хабарласты. Ол түн ортасы кезінде мейрамханадан шығып, үйіне оралмаған әкесі 1945 жылы туған Құрсатбек Бақбергеновті табуға көмек сұрады.
Мән-жайды анықтау барысында Қ. Бақбергеновтің 25 наурыз күні әйелімен бірге «Сәтті» мейрамханасында өткен шараға келгені анықталды.
Келесі күні таңертең сағат 08:20-да полицияға жедел жәрдем көлігінен Бақбергеновтың мәйіті Алчовая көшесінің бойындағы каналдан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», — делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бірқатар сараптама тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желілерде волонтерлік қызмет сол түні қарт адамға не болғанын көрген-білгендер болса, хабарласуын сұрайды.