Таразда кәмелетке толмағандар дәріхананы тонады

0

Таразда полицейлер дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады. Күдіктілер әлі кәмелетке толмаған екі бала болып шықты. Олар видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

25 наурыз күні сағат 22:30 шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде орналасқан дәріханаға маска киген белгісіз екі адам кірген. Олар қызметкерлерді тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып, терезені сындырып, 37 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен. Содан кейін олар белгісіз бағытқа қашқан.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі, 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер екі күдікті облыстың 17 жастағы тұрғындары екенін анықтады. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.