Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген Жарлықта.
Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған. 2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі қызметін атқарған.
1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы, Горький атындағы колхозда механизатор болып бастаған.