Жамбылда жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары талқыланды

0

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының алтыншы отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жамбыл облысы жергілікті полиция қызметінің басшысы, «Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Сарысу және Меркі ауданы әкімінің орынбасарлары қатысты.Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі — «Жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы №47-5 шешімінің орындалуы туралы» болды.

Бұл бойынша, 2021 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2022 жылдың жоспару туралы баяндама жасадым. Келесі мәслихат сессиясына республикалық бюджеттің нақтылауында 50/50% паритетімен қолдау тапқан 7 жобаның (1,3 млрд.теңге) қалған 50% қаражатын облыстық бюджеттен қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар, ауыр жүк көліктерінің жүрісін шектеп, жергілікті маңыздағы автожолдарымыздың бүлінуіне жол бермеу мақсатында, тек жергілікті жолдарымызға пайдалану үшін арнайыланған салмақ өлшейтін көлік салып алуға қаражат қарастыруды тұрақты комиссияның қарауына ұсындым.

Жиын барысында, депутаттар тарапынан жол жөндеу жұмыстарының сапасы, жол жөндеу жобаларының жасалауы, қызмет көрсету мерзімінен бұрын бүлінген жолдар және мемлекеттік сатып алу конкурсына сапасыз жұмыс жүргізетін мердігерлердің қатыспауын қадағалау туралы сұрақтар қозғалды. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап айтылып, жиын барысында шешу жолдары қарастырылды.Жиын соңында депутаттар өз тараптарынан, ең басты міндет- халықтың аманатының орындалуын қадағалау екендігін, осы тұрғыда жұмыстың жалғаса беретіндігін жеткізді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.