Тараздық түлек Lexus мініп, каналға түсіп кеткен

0

25 мамырда Тараздағы Тәуке хан көшесінде орналасқан «Қазақ хандығы» монументінің маңында Lexus көлігі каналға түсіп кеткен. Тізгінде 17 жастағы оқушы болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы taraz_police паблигіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, сақтандыру полисіне сәйкес автокөлік құралын жүргізген 21 жастағы Lexus жүргізушісі таныс түлектермен бірге бітіру кешін атап өту үшін «Қазақ хандығы» монументіне келген.

«Осы құқықбұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының қатысуында ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы») бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Түлектің ата-анасына 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.