Жамбылдық полицейлер 2 күн ішінде 4 қару, граната және 40 патрон тапты

0

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 4  қару, 2 граната, патрон, электрошокер, штык-пышақ тауып, тәркіледі.

Табылған қарулар арасында оқжатары  бар Калашников автоматы, «ТОЗ-БМ» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтығы, «EKOL Special 99» маркалы травматикалық тапаншасы, Макаровтың тапаншасының оқжатары, «ГСЗ» маркалы 2 граната, «ЭШУ-200» 2 электршокері, штык-пышақ, 9 мм калибрлі 40 патрон, бос калибрі 16 мм гильзалар табылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың табылғаны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.