Әкім Бразилияда өткен Сурдлимпиада жүлдегерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесті.

Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 – 15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV (24) жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының 65 спортшысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Оның ішінде 13 спортшы Жамбыл облысынан аттанған болатын.

Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтаса, жамбылдық спортшылар ел қоржының 11 медальмен толықтырған.

Облыс әкімі өз сөзінде спортшылардың жетістігін, елеулі еңбегін, олардың жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, облыстың спорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен оң көрсеткіштерге, бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды қолдаулар көрсетіліп жатқанына назар аудартты.

Бұдан соң аймақ басшысы жаттықтырушылар Ерназар Қонысбаев (еркін күрестен), Александр Ан (таэквондо), Ринат Исмаилов (грек-рим күресі), Аскар Усубалиевті (жүзу) және спортшыларды Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады.

Нақтырақ айтқанда, аталған Сурдлимпиадалық ойындарында еркін күрестен  екінші орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, және дзюдодан 2 орынды жеңіп алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Ал, таэквондодан үшінші орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен үшінші орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан үшінші орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.

Бұдан бөлек дзюдо, грек-рим, еркін күрестерінен және жеңіл атлетика мен жүзуден түрлі орындардан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға да естелік сыйлықтар берілді

Өз кезегінде жаттықтырушылар мен спортшылар ықылас білдірген облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, арнайы жатақхана, спорт кешенін салу бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Нұржан Нұржігітов барлық ұсыныстар назарға алынып, міндетті түрде қаралатынын жеткізіп, спортшыларға сәттілік, жеңістер тіледі.

Сурдлимпиада дегенді қалай түсінесіңдер?
Сурдлимпиада ойындары – Халықаралық Олимпиада комитетінің рұқсатымен саңырау спортшылар элиталық деңгейде жарысатын шара .

Сурдлимпиада ойындарының маңыздылығы қандай?
Сурдлимпиаданың мақсаттары мыналарды қамтиды: саңырау спортшылардың физикалық және психикалық салауаттылығы ; саңырау адамдардың спорттың элиталық түрлерімен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету; төртжылдық спорттық жарысқа дүние жүзінің спортшыларын біріктіру;

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.