Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданында, мектеп бітірушілер мінген кортеж жол ережесін бұзғандығы туралы видеоларын анықтады.
Жол патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен «Toyota Land Cruiser Prado», «Audi 80», «BMW 735», «VAZ 210540» және екі «Toyota Camry» маркалы көліктердің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.