Ел Президенті жариялаған Балалар жылы аясында Тараз қаласы Полиция басқармасының 1- полиция бөлімі Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябақтың құрылтайшысы Асан Кошмамбетовпен бірлесіп, оқушылар үшін Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара ұйымдастырды.
20-дан астам баланың қуанышында шек болмады, олар ерекше жағымды әсер алды. Балалар үшін әткеншектер, аттракциондар, түрлі тәттілер – барлығы тегін болды.
Барлық балаларға балмұздақ пен түрлі сусындар таратылды. Мерекелік шара аттракциондарда жалғасын тапты. Оқушылар әрбір әткеншекке мініп, уақыттарын көңілді өткізді.
— Балалар-біздің болашағымыз. Біз оларды қорғау үшін, қауіпсіздігі және лайықты өмір сүруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бүгін біз оларға жақсы демалыс ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйладық,- деп атап көрсетті Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Нариман Әлиев.