Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс жолдарына 914 тексеру жүргізілсе, тексерулер 9449 шақырым жолды қамтыды.
—Тексеру барысында облыс жолдарында 7447 ақау анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 914 нұсқама берілді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға 315 ақпарат жолданды.
Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 105 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде Меркі ауылдық округінің, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы, Жуалы ауданының ауылдық округтерінің әкімдері және заңгерлік кеңселері бар, — деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 631-бабымен автомобиль жолдарындағы жұмыстарды орындау, автомобиль жолдарын, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін — 75 лауазымды адам, тағы 1 жауапты адам осы іс-әрекеті үшін, бірақ жол-көлік оқиғасына әкеп соққаны үшін жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 2-бөлігі).
Тағы 28 лауазымды тұлғаға қатысты жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын бүлдіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ал Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімімен берілген нұсқаманы орындамағаны үшін аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға жауапты лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.