Зағип жанның ұялы телефонын тартып алған тараздық тұрғын ұсталды

0

Тараз қаласы Полиция басқармасының  Жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан саябақтардың бірінде отырған кезінде белгісіз адамның ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Күдікті саябақта отырған азаматтың көзі көрмейтіндігін байқап, оның қолындағы «Редми» маркалы ұялы телефонын тартып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 67 000 мың теңгені құрайды.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің натижесінде, күдіктінің ізі суытпай ұсталынды. Оның облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-тармағымен (тонау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.