Мойынқұмда алтын рудасын ұрламақ болғандар ұсталды

0

Үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болған. Бұл туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз тұлғалар компанияның күзетілетін аумағына кіріп, тереңдігі 100 метр шахтаға түсіп, құрамында алтын бар 3 қап кен ұрламақ болған.

Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1976 және 1977 жылы туылған екі ер адамды ұстады. Күдіктілер Ақмола облысы мен Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты.

Тергеу әрекеттері барысында үш ер адам алдын ала сөз байласып,  2022 жылдың 26 мамырынан бастап өзімен бірге құрал-саймандар мен азық-түлік алып, қымбат металды өндіру үшін шахтаға түскені анықталды.

Күдіктілер шахтада 10 күннен астам уақытта болған. Олар кенді қаптарға жинап қойғанымен,  қылмысты аяқтай алмаған.

Кеншілер бұзақыларды қылмыс орнынан ұстады.

Аталған  дерекке  қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-б., 188-бабы 3-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай айғақтар алынды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үшінші серіктестерін іздестіруде.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.