Инвесторлар Жамбыл облысы әкімінен не сұрайды?

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының мәжіліс залында инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі.

Оған бірқатар инвесторлар келіп, өздерінің жоба-ұсыныстары мен мәселелерін айтты.

Ұсынылған инвестициялық жобалардың қатарында керамика-гранит зауытының құрылысы, су электр станциясын салу, құрамында алтын бар кенді бастапқы өңдеу жөніндегі өндірістік кешен, ескі шиналарды жинау, қайта өңдеу секілді және басқа да маңызды жобалар болды.

Олардың кейбірі инфрақұрылым, жер бөлу мәселелерін шешіп беруді сұрады.

Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жергілікті билік қашан да мүдделі екенін айтып, ұсыныстарды жан-жақты қарастыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырлармалар жүктеді.

Сондай-ақ, басқосуда облыс әкімі штабтың бұған дейін отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрап, бірқатар жайттарды қайта пысықтады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.